Қазіргі таңда мектеп басшысы денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді
Атырауда жалпы білім беретін орта мектептің басшысынан туберкулез анықталды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
Бұл туралы Атырау қаласының білім бөлімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлады. Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізілетіні және мектепке тиісті санитарлық шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.