Іс Алматы аудандық полиция департаментінде қаралады
Астана қаласындағы «Балам-ай» орталығы тәрбиешілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін біз балабақшадағы жаға ұстатар жайт туралы жазғанбыз.
“17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны "Балам-Ай" баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді. “Алматы" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады”-деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.