18.01.2023, 11:45
Оқиғалар
Алматы облысының прокуратурасы «ҚазАвтоЖолға» қатысты қылмыстық іс қозғады
Жолдың уақтылы тазаланбауы салдарынан бір адам қаза тапты
Фото: Bigmir.net
Алматы облысының прокуратурасы «ҚазАвтоЖолға» қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құзырлы орган мәліметінше, Алматы – Шелек – Қорғас республикалық тасжолының 165-шақырымында жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты.
Жол апатының басты себебі – көктайғақ пен қар жамылғысының уақтылы тазаланбауы.
«Автомобиль жолдары туралы» Заңның 19-бабына сәйкес жол органы мен жол әкімшілері күтіп ұсталатын жолдар мен олардағы құрылыстарды көлік құралдарының тоқтаусыз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жағдайда ұстауға жауапты.
Істі Алматы облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеп жатыр.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды