Днепрдегі жарылыс: Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович отставкаға кетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Жарылыстан 40-қа жуық адам қаза тапты

Фото ашық дереккөзден

Днепропетровскідегі үйдің бір бөлігіне украиналық әуе шабуылына қарсы зымыранның құлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қызметтен кету туралы өтініш жаздым. Қателік кетті, демек, отставкаға кету керек», - деп жазды Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович өзінің Facebook парақшасында.

Ол Днепропетровскідегі үйдің бір бөлігіне украин әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары құлағанын айтты.

Осыдан кейін оны украин жұртшылығы қатты сынға алды. 16 қаңтарда Жоғарғы раданың депутаты Алексей Гончаренко Арестовичтің жұмысын тоқтату үшін қол жинау басталғанын хабарлады. Парламентшілер оны Днепропетровскідегі үйдің бір бөлігінің құлау себебі туралы айтқан сөздері үшін мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптады.