Оқиға түнгі уақытта болға
Павлодарда ер адам жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші Назарбаев даңғылы мен Ак.Шөкин көшесінің қиылысында 20 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«15 қаңтарда сағат 22:40-та реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде «Лада Гранта» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігін кесіп өткен. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.