Қайғылы оқиға Қарабұтақ – Қостанай автожолында болған
Қайғылы жол-көлік апаты 25 ақпан күні Қарабұтақ – Қостанай автожолында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Honda минивені мен жүк көлігі сағат 13.00 шамасында Қарабұтақ – Қостанай автожолында соқтығысқан.
Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты.
«Алдын ала болжам бойынша армениялық нөмірлі Honda (минивен) автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 52 жастағы алматылық азамат жүргізіп келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік апаты салдарынан Honda автокөлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Олардың бәрі Тәжікстан Республикасының азаматтары», – делінген ведомство хабарламасында.
Дереккөз: «Мой ГОРОД»