Атырауда өзеннен 20 жастағы қыздың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мәйіт «Атырау» шипажайы маңынан табылған 

Атыраудағы Орал өзенінен 20 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

24 ақпан күні полицияға және Төтенше жағдайлар департаментіне «Атырау» шипажайы маңында белгісіз адамның денесі суда ағып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.   

Хабарламада айтылған жерге жеткен құтқарушылар өзен ішінен бойжеткеннің денесін алып шықты.

Көп ұзамай марқұмның жеке тұлғасы анықталды. Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медицина сараптамасы тағайындалды. 

Оқиғаға қатысты өзге ақпараттар жария етілген жоқ.