Шымкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Шымкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq ruhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте 13 қаңтар күні сағат 11:43-те Ерметов көшесінің бойында VANHOOL маркалы автобус өртенді.

Автобуста жолаушылар болмаған.

Өрт 12:09-да оқшауланып, 12:20-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 2 бөлімшесі жұмылдырылды.