Жетісу облысында зорлық белгілері бар 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оны өлтірген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек Панфилов ауданында тіркелді. Онда 12 қаңтарда Пенжім ауылында зорлық белгілері бар 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Оны өлтірген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.    

«Жәбірленушімен бір ауылда тұратын 33 жастағы ер адам ұсталды. Алкогольді бірге ішкен кезде ер адамдар арасында жанжал пайда болып, пышақпен төбелеске ұласқаны алдын ала анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды», – деді Панфилов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.