Ақмола облысында жол апатынан 5 бала ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Мектеп автобусы көшеде тұрған контейнерге соғылған

Ақмола облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырап, 5 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 ақпан күні таңғы сағат 07:30 шамасында Целиноград ауданы Қараөткел ауылында болды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, «Setra» мектеп автобусының жүргізушісі бала толы көлікпен келе жатып, ауыл іргесіндегі көшелердің бірінде тұрған контейнерді соққан. Оқиға салдарынан қалалық №2 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен №69 мектептің 5 оқушысы жеткізілді.

«Жол апатынан адам шығыны болған жоқ. Балаларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар үйлеріне жіберілді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда 62 жастағы автобус жүргізушісі ҚР ӘҚК 610-бабы бойынша жауапқа тартылды.