Солтүстік Қазақстанда 5 күннен бері балық аулауға кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

Автор: Эльмира Мәмбетқызы

31 жастағы азамат достарымен бірге көлге барған

Фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстанда 5 күннен бері балық аулауға кеткен жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.   

Болат Аниевтің үйіне оралмағанын полицияға анасы хабарлаған. Жоғалған жігіт Ғабит Мүсірепов ауданының орталығында тұрады. Ол 6 қаңтар күні күні достарымен бірге Шал ақын ауданындағы Ступинка елді мекенінің маңығдағы көлге барған. Кейін достарынан бөлек кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген.   

«Келіп түскен ақпаратты тексеру және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 07.01.2023 ж.сағат 11:00 шамасында жоғалып кеткен Б.Аниев таныстарымен бірге Шал ақын ауданы Ступинка ауылынан шамамен 1 км қашықтықта орналасқан көлге балық аулауға келгені анықталды. Осыдан кейін, сол күні сағат 23:00 шамасында, балық аулау аяқталғаннан кейін, оның таныстары заттарын жинап жатқанда, шатырдан шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Оны табу мақсатында көл маңында іздестіру шаралары жүріп жатыр», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада. 

Бұл деректен бөлек жыл басынан бері өңірде екі адам жоғалып, аман-есен табылды.