Оны қамауда ұстау мерзімі 7 наурызға дейін созылды
Қаңтар оқиғасына қатысы бар дегенге күдікпен ұсталған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметі бойынша 2022 жылғы 29 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. Азамат Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді», - деп мәлімдеді Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.