Кәмелетке толмаған қызды топтық зорлау: Павлодарда үшінші күдікті қамауға алынды

Автор: Аягөз Құрмаш

Оны қамауға алу үшін 5 ай бойы жұмыс істелді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда топтық зорлық жасаған үшінші күдікті қамауға алынды. Бұл іс бойынша екі күдікті ұсталған еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бұл іс бойынша заңгер Гүлмира Қажиева көмек көрсеткен. Жәбірленуші Ксения мен оның әпкесі Дарья жетімдер үйінде тәрбиеленген. Дарья тұрмысқа шығып, қызды болды. Ал Ксения білім алып жүрген. Осы уақыт аралығында адвокат қыздарға көмек көрсетіп, ауқымды жұмыс жүргізілді. Қылмыстық іспен танысу жүріп жатыр», - деп жазды #НемолчиKZ қозғалысының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

Оның айтуынша, жәбірленушінің денсаулығы туралы бірнеше рет айтылды. Оған Павлодар облыстық балалар ауруханасы мен Астанадағы Ұлттық ана мен бала орталығында бірнеше рет ота жасалған.

«Қазір Павлодарда емдеу жүріп жатыр, алда ұзақ мерзімді қалпына келу және оңалту іс-шарасы күтіп тұр. Адвокаттардың кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс айтамыз, сотта жеңіске жетеміз деп ойлаймын», - деді ол.

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлап, кейін жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен еді. Оқиға 9 шілдеде болған.

16 жасар қыз – жетім, Павлодар Жастар үйінің тәрбиеленушісімен болған. Бұл оқиға туралы кәмелетке толмаған баланың әпкесі хабарлаған еді.