Төтеншеліктер жолда қалған 3 адамға көмекке барды
Ертіс ауданында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ертіс ауданының төтенше жағдайлар бөліміне 4 қаңтар күні сағат 18:50-де ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарақұдық ауылдық округінің аумағында екі автокөлікте 3 адамның қарлы боран астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті», - делінген хабарламада.
Ертіс ауданының жергілікті атқару органының және ТЖ қызметкерлері төтенше жағдай орнына көмекке келді. Сағат 20:50-де азаматтар қар құрсауынан құтқарылды.