Ол туған бауырымен жанжалдасып, артынша үйінен кетіп қалған
Шымкентте 15 жасар қызды жақындары 6 күннен бері іздестіріп жатыр. Ол туған бауырымен ұрысып қалғаннан кейін үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
30 желтоқсанда жергілікті тұрғын Абай аудандық полиция басқармасына 15 жасар қызының жоғалып кеткені туралы шағымданды.
Жаңа жыл қарсаңында 15 жастағы Әнел туған бауырымен жанжалдасып, үйнен шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Артынша анасына бейтаныс нөмірден хабарлама жіберіпті
«Анашым, мен кетіп бара жатырмын, енді мені іздемеңіз», - деп жазылған хабарламада.
«Қазіргі таңда, 5 тәулік бойы оны учаскелік инспекторлар, Шымкент қаласы ПД-нің жедел уәкілдері мен еріктілер іздеп жатыр. Қыздың белгілері: бойы 165-170 см, шашы қара қоңыр, көздері қоңыр. Үстіне қара түсті күртеше мен шалбар киген, аяғында ашық түсті кроссовка болған. Жасөспірімнің орналасқан жері туралы кез келген ақпараты бар және оны көрген азаматтар болса кез «102» арнасына немесе 8777-679-18-24 нөміріне хабарлауды сұраймыз», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, бұған дейін де кәмелетке толмаған қыз үйінен 3 рет кетіп қалған, алайда полиция оны тауып, ата-анасына қайтарған.