Алматы облысында бірнеше ауданның басшылығы жазаға тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Экологиялық талаптарды бұзғандардың әрқайсына 300 мың теңгеден айыппұл салынды

Фото: gov.kz

Алматы облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Іле, Қарасай, Талғар, Енбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдіктерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология депарртаментімен бірлесіп тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары АҚ геопорталы арқылы облыс аумағында 351, атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданы – 61, Іле ауданы – 91, Қарасай ауданы – 56, Талғар ауданы – 33, Қонаев қаласында 85 стихиялық қоқыс орны анықталды. Оның ішінде 247 стихиялық қоқыс орны жойылды, 104 қоқыс орны әлі күнге дейін жойылмаған», - делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, стихиялық қоқыс орындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоғынан ұзақ уақыт бойы жиналатыны байқалады, соның салдарынан топырақтың атмосфералық ауаның ластануы, санитарлық жағжайдың нашарлауы сияқты көптеген жағымсыз мәселелер туындайды.

Прокуратураның ұсынысы бойынша экология Департаменті Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдерінің басшыларына әкімшілік жауапкершілікке әрқайсысы 100 АЕК-тен 306 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.