Астанада медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі анықталды
Полигон көлемі 50 м3 құрайтыны белгілі болды
Астанада медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Экология, геоология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы 26 желтоқсанда МЕТРО гипермаркетінің жанындағы «Нұрлы жол» вокзалының ауданында анықталды.
«Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды», - делінген хабарламада.
Тексеру барысында полигон шамамен көлемі 50 м3 құрайтыны анықталды.
Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы ЕҚДБ-да материал тіркеді.