Бір тәулікте 648 адам ауру жұқтырып, 97 адам қайтыс болған
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 76 мың 936 адамға жетті, олардың 2442-і қайтыс болды, ал 22 мың 888 адам емделіп, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Қытай мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті 31 провинциядан 76 мың 936 адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны туралы ақпарат алды. Оның ішінде, қазіргі уақытта 51 мың 606 адам ауруханада, олардың 10 мың 968-і ауыр халде жатыр. 22 мың 888 адам ауруханадан шығарылды, 2442-і көз жұмды», – делінген мемкомитет хабарламасында.
Соңғы тәулікте Қытай бойынша 648 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде ауруханадан 2230 адам шығарылған, 97 адам қайтыс болған (олардың 96-ы Хубэй провинциясынан).
Айта кетсек, Қытай билігі елдің орталық бөлігінде орналасқан Хубэй провинциясына қарасты Ухан қаласында белгісіз пневмонияның тарап жатқаны туралы 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын ескерткен. Мамандар ауру қоздырғышының жаңа коронавирус екенін анықтады. ДДСҰ аталмыш індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми түрде COVID-2019 атау берген болатын.