Полиция қызметкерлері жаңа туған ұл баланың денесін тауып алды
Ақтөбеде көпқабатты үй жанынан қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 желтоқсан күні болған.
«Сағат 22.05-те полицияға Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапта баланың мәйіті жатқаны туралы хабарланды. Аталған дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді, олар жаңа туған ұл баланың мәйітін тапты», - делінген полиция хабарламасында.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі кезде полицейлер шақалақтың анасын іздеп жатыр.