Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан
Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 21 ақпан күні сағат 13:00 шамасында Физкультурная көшесінде болған. Өрт жатақхананың 6-қабатында шыққан.
Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метр болды. Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан. Бір адам ауруханаға жеткізілді.
«Тілсіз жаудысөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 6 автоцистерна жұмылдырылған. Жалын сағат 13:31-де толықтай өшірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.