15 рет пышақ сұққан: Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу алдағы күндері басталады

Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда тонау кезінде болған зейнеткердің өлімі туралы іс қылмыстық сотта қаралады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy alau.kz-ке сілтеме жасап.

Айыптау актісіне сәйкес осы жылдың 1 қыркүйегінде 1977 жылы туған Қостанай қаласының тұрғыны 9-шағын ауданда орналасқан № 15 дүкеннің жанында алтын зергерлік бұйымдар таққан қарт әйелді көреді.

Зейнеткердің үйіне аңдып барып, баспалдақ алаңына жеткенде шабуылдаушы оған 15 рет пышақ сұққан. Содан кейін ол жәбірленушіден алтын бұйымдарын алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші көп қан жоғалту және травматикалық шок салдарынан сол жерде қайтыс болды. Күдікті кісі өлтірді деген айыппен сотқа берілді.

Тергеу алдағы күндері басталады.