Қарағандыда газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

1953 жылғы әйел адам мен 2014 жылғы бала ауруханаға түскен

Қарағандыда жер үйлердің бірінде 50 литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Жарылыс салдарынан 1953 жылғы әйел адам мен 2014-ші жылғы бала ауруханаға түскен. Өрт сөндірушілерге жарылыс туралы ақпарат сағат 12:20 шамасында жеткен, 13:10 кезінде өрт сөндірілді.

Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.

«Қалған екі науқастың жәй-күйі орташа ауыр», - дейді дәрігерлер.

Қазір мамандар өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.