Алматыда эпилепсиямен ауыратын бала жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім 20 ақпан күні түскі сағат 14:30 кезінде үйінен шығып кеткен

Алматыда эпилепсиямен ауыратын бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жасөспірімді іздеуге 15 еріктіден бөлек, туыстары мен полицейлер де шыққан. №137 мектептің 8 сынып оқушысы 20 ақпан күні түскі сағат 14:30 кезінде үйінен шығып кеткен. Алматылық еріктілердің айтуынша, Шерхан Тұрмағамбетұлы кешке үйіне келіп, киімін ауыстырған соң қарындасына мекепке баратынын айтып кетіп қалған. 2005 жылы туған Шерхан Күнтудың эпилепсиямен ауыратыны белгілі болды.

«Дене бітімі арықша келген. Бойы 1,5 метр, шашы қара, қысқа. Үстіне қара күртеше, қара бас киім, джинсы мен көк спорттық аяқ киім киген. Еріктілер саны көбейіп жатыр. Мектеп әкімшілігінен бөлек Жетісу ауданының әкімі де іздеу тобына қосылды»,-деді Алматы қаласы LIDER.KZ еріктілер тобының әкімшісі Ирина Лебедева.

Алматы қаласында соңғы бір жарым айда 7 оқушы жоғалып кетсе, олардың үшеуі ғана аман-есен табылғанын айта кетейік.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Тегтер: