Талғарда күдікті уақытша ұстау изоляторында асылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған кәмелетке толмаған қыз баланы зорлады деген айып тағылған

Алматы облысы Талғар ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында ұсталған адам асылып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының Полиция департаменті 3 желтоқсанда Талғар ауданының ПБ полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген әрі бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен УҰИ-ға қамаққа алынды.

«05.12.2022 жылы сағат 13:55 шамасында күдікті УҰИ камерасында асылу арқылы өзіне-өзі қол жұмсаған.

Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген облыстық полиция таратқан хабарламада.