07.12.2022, 12:41
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жеке үйде газ жарылып, 2 адам зардап шекті
Оқиға түнде сағат 2:37-де Шұбарши ауылында болған
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнде сағат 2:37-де 8-наурыз көшесінде болған.
«Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп сәтте жарылып, 84 шаршы метр болатын қабырға мен шатыры құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты», - делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды