Швецияға бармақ болған шымкенттік жігіт қомақты ақшасынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: tengrinews.kz

Шымкент тұрғыны Швецияға жүк көлігі жүргізушісі болып бару үшін танысына 1 842 500 теңге төлеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті арнаның хабарлауынша, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны арыз түсірген. Оның айтуынша, танысы Швециядан жұмыс тауып беремін деп 1 842 500 теңге сұраған. Осылайша, Швецияда жүк көлігін жүргіземін деп үміттенген тұрғын қыруар қаражатынан айырылып қалған.

Полиция басқармасы аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Іздеу барысында бұған дейін де алаяқтық бойынша істі болған 43 жастағы ер адам ұсталған.