Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Ақтауда электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 30 қарашада сағат 22.29-да Ақтауда бес қабатты үйде 2-қабаттағы пәтерінде құрылыс материалдары өртенген.
«Өрт аумағы салыстырмалы түрде шағын болғанымен – 5 шаршы метрге тараған – құтқарушылар баспалдақ бойымен 30 адамды эвакуациялады, оның 10-ы – балалар. Сағат 23.07-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.