Павлодарда көше ортасында автобус пен төрт көлік соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар жоқ     

Павлодарда көше ортасында автобус пен төрт көлік соқтығысты. Бір көліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сәтбаев көшесінде болған.  

«Алдымен Toyota Camry мен Kia Rio көліктері соқтығысқан. Олар «ГАЗ-53» автокөлігіне соғылған. Соққы салдарынан «ГАЗ-53» автокөлігі «Toyota Ipsum» көлігімен және №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», – деді департаментте.   

Жедел жәрдем станциясында оқиға салдарынан «Toyota Ipsum» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі №1 қалалық ауруханасына жеткізілген.  

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.