$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2022, 17:42
Оқиғалар

Ұшақ бортында темекі шеккен жолаушы 170 мың теңге айыппұл төледі

Оқиға 27 қарашада Алматыда болған

Ұшақ бортында темекі шеккен жолаушы 170 мың теңге айыппұл төледі
Фото: ашық дереккөзден

Ұшақ бортында темекі шеккен жолаушы мас әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне FlyArystan әуекомпаниясының “Астана – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін акт бойынша жолаушы әйелдің әрекеті баяндалды. Оқиға 27 қарашада болған. Көлік полицейлері тексеру барысында мас күйде әуе кемесінің бортында темекі шеккен 28 жастағы Астана тұрғынын анықтады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әйел адам “жеңіл дәрежедегі” мас күйінде болған.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 55 айлық есептік көрсеткіш, яғни 168 465 тг көлемінде айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары