Мәскеуде «Қазақстан аруының» мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз

Мәскеу қаласындағы пәтерінен 37 жастағы Наталья Семагоның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, Наталья Семаго Қазақстанда туған және 2000 жылы еліміздегі «Қазақстан аруы» байқауын жеңіп алған. Оның денесі Ростов жағалауындағы пәтерінен табылды. Әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бірақ, Telegram арналарының жазуынша, Натальяның жанында кішкентай бала болған. Дәл сол бала көршілерінен көмек сұрап, жедел жәрдем шақыртқан.

Марқұм Наталья Семаго Қазақстаннан Мәскеуге көшіп барып, жергілікті театрда жұмыс істеген. Сонымен қатар, бірнеше сериалдарға түскен.