Алматыда бір топ жұмысшы ер адамды таспен ұрып өлтірген

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 26 қарашада болған

Алматыда бір топ жұмысшы ер адамды таспен ұрып өлтірген
Фото: Ruinformer

Алматыда бір топ жұмыскер 48 жастағы ер адамды таспен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 қарашада болған.

Белгілі болғандай, оқиға орнына жақын маңда жұмыс істеп жүрген ер адамдар арасында жанжал туындаған.

«Ішімдік ішкен ер адамдар арасында туындаған жанжал соңы төбелеске ұласқан. Бір топ жұмысшы ер адамды өлімші етіп таспен ұрып-соққан. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталған қылмысты жасаған күдіктілердің бірі бірден ұсталды. Сот оны қамауға алу жөнінде шешім шығарды», - делінген хабарламада.

Жетісу аудандық полиция басқармасы кісі өліміне қатысы бар тағы екі адамның ұсталғанын хабарлады.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады»,- делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 1974 жылы туған марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.