Алматы облысында Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан бірнеше жасөспірімді қағып кетті

Azattyq Rýhy

Қанша адам зардап шеккені және олардың арасында қаза тапқандары бар-жоғы әлі белгісіз

Алматы облысында Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан бірнеше жасөспірімді қағып кетті
фото: zakon.kz

25 қарашада кешке Іле ауданындағы "Алматы-Қорғас" тас жолында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Lexus IS көлігі Шелекке қарай шығыс бағытта ағызып келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше кәмелетке толмаған ер бала мен қыздар жолдан өтіп бара жатқан. Lexus көлігі жоғары жылдамдықпен топ балаға соғылып, оның бірнешеуін ұшып түсірген.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі оқыс оқиға кезінде оқушылар мектеп автобусынан түсіп, жолды кесіп өтіп бара жатқанын айтады. Әртүрлі дене жарақатын алған жасөспірімдер Іле ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Қанша адам зардап шеккені және олардың арасында қаза тапқандары бар-жоғы әлі белгісіз. Құзырлы ведомство кейінірек болған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәлімет беруге уәде етті.

Әзірге, бар белгісі - Lexus IS жүргізушісі ұсталған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.