Келес тұрғындарын алдаған жетісайлық ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті бірнеше азаматты жұмысқа орналастыру үшін 2 млн теңге көлемінде ақша алған 

Түркістан облысының Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, сол уәдесі үшін ақша алған ер азаматқа қатысты арыз түсті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлайды.

Жәбірленушілер арызында аталмыш ер азаматқа сенім білдіріп, сұраған ақшасын күмәнсіз қолма-қол тапсырғанын жазған. Осылайша полицейлер арыздарды тіркеуге алып, Қылмыстық кодекстің 190 бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғайды. Ол (күдікті – ред.) жәбірленушілерге 2 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Күдікті көп ұзамай полицейлердің қолына түсті. Оның жетісайлық тұрғын екендігі анықталды.

Тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты алаяқтық жолмен жасалған 5 фактіні анықтады. Қазір тергеп тексеру амалдары жалғасуда.