Семейде кафе өртеніп кетті
Өрттен құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Семейде Найманбаев көшесінде орналасқан кафеде өрт шығып, құтқарушылармен 2 газ баллоны шағырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 10 шамасында құтқарушыларға Найманбаев көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері ашық жалынмен бір қабатты кафеге ағаш қосымшалардың төбелер, қабырғалар мен ішінара жиһаздар, жанып тұрғанын анықтады.
“Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құра отырып, құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері жанып жатқан ғимараттан көлемі 50 литр болатын 2 газ баллон шығарды. Құтқарушылар үйлесімді әрекет етіп, отпен күресті. Өрттің ауданы 80 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.