$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2022, 16:58
Оқиғалар

«Қазфосфат» кеніштеріндегі наразылық: компания басшылығы пікір білдірді

Жұмысшылар жалақының төмендігіне және жұмыстың қауіптілігіне шағымданды

Жамбыл облысында «Қазфосфат» компаниясына қарасты Көксу және Жаңатас кеніштерінің жұмысшылары наразылыққа шықты. Жұмысшылар жалақының төмендігіне және жұмыстың қауіптілігіне байланысты адам өлімінің болып жатқанына шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс әкімдігі оқиға орнына «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары мен басқарма төрағасының орынбасары келгенін және аудан прокуроры қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер беріп, компания өкілдері жұмысшылар сауалына жауап бергенін мәлімдеді.

«Жалақыны көтеру туралы толық ақпарат осы жылдың 29 қарашасында беріледі. Қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Жұмысшылар өз орындарына оралды. КисТас кенішінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде кәсіпорындағы жағдай тұрақты», - деп хабарлады компания өкілдері.

Еске салайық, 23 қарашада «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары Жамбыл облысында наразылық шеруіне шыққан болатын. Кәсіпорын жұмысшылары өздеріне балағат сөз айтқан ресейлік менеджерге наразылық білдірген еді. Аталған менеджер қызметкерлерден кешірім сұрап, жұмыстан қуылды.

Серіктес жаңалықтары