Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Шымкент мешітінде ұрық жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала мешіттерінің бірінде ұрлық жасаған ер адамды ұстады. Ол күртешенің қалтасынан ақша мен құжаттар бар әмиянды ұрлап кеткен», - деп жазылған хабарламада.
Күдіктінің жеке басын Полиция департаментінің жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен анықтаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бап 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша Абай ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.