4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков кісі қолынан қайтыс болған еді
Кісі қолынан өлген гастроэнтеролог Юрий Шумковтың әйелі Әсел Исабекова 22 қараша күні сотта жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Еуразия" бірінші арнасының хабарлауынша, іс Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қарала бастады.
Сотталушы сотқа тергеу изоляторынан онлайн режимде, жатып қатысады. Ол мұны денсаулығының нашарлығымен байланыстырды. Ол өз кінәсін ішінара мойындады.
Юрий Шумковтың жесірі Әсел Исабекова сотқа шағым түсірді.
"Осы - кісі өлтірушінің ең әділ, адал, ең жоғарғы жазасы. Кісі өлтірген адамды қалай кешіресің?", - деді Әсел Исабекова.
Әйел сонымен қатар, 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді және жерлеу мен адвокат жалдауға кеткен шығынды өтеуді талап етіп отыр. Ол тағы 5 миллион.
4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков кісі қолынан өлді. Кісі өлтіруші оны аңшы мылтығымен атқан.
Кейін полиция қылмыскердің науқас екенін анықтап, дәрігерге бірнеше рет барған.