Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті
ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, биыл 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.