Екі адам жарақат алса, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен
Қытайдың Хэнань провинциясында орналасқан (Қытай орталығы) Аньян қаласындағы зауытта Kaixinda Trading компаниясына тиесілі ғимаратта өрт шықты. Оқиға салдарынан кем дегенде 36 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
CGTN телеарнасының хабарлауынша, өрттен екі адам зардап шекті, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен.
Аньян өрт сөндіру қызметіне Вэньфан ауданындағы өрт туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады.
Айта кетсек, Хэнань елдің орталық бөлігінің шығысында орналасқан. Оның әкімшілік орталығы – Чжэнчжоу қаласы. Әлемдегі ең ірі iPhone зауыты Foxconn осы қалада орналасқан.
Еске сала кетек, күз басталғанда сол провинцияның Чанша қаласында 200 метрлік зәулім ғимарат өртенген болатын. Өрт China Telecom ғимаратында тұтанып, ондаған қабатқа тараған еді.