Вилладан бірнеше жүз мың еуроның заты ұрланған
Италияның Форт-Дэй-Марми қаласында ресейлік кәсіпкер Олег Тиньковтың вилласын тонап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Rbc.ru - ға сілтеме жасап.
17 қарашаға қараған түні үш шабуылдаушы Тосканадағы кәсіпкердің вилласын тонап кетті. Ұрылар екі сейфті ашып, бірнеше жүз мың еуро тұратын зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа заттарды үйден алып шыққан. Ұрлықты таңертең күзетші анықтаған.
Басылымның хабарлауынша, вилла бос болған, Тинькофф банкінің негізін қалаушының отбасы Мексикада демалыста болған.