Қызылордалық жігіт танысын жалаңаш суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада қызды жалаңаш суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға 29 жастағы бойжеткен досының әлеуметтік желілерде интимдік сипаттағы фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткенін хабарлаған.

Осы факті бойынша Қызылорда қаласының ПІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде облыстың 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бопсалау).