Жұмыс аяқталғанша мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан және Қырғызстан азаматтары шағын жүкпен жаяу өте алады
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша, 2020 жылғы 20 ақпанның сағат 00.00 бастап «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстарының басталуына байланысты тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Осыған орай, жаңарту жұмыстары аяқталғанша мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан және Қырғызстан азаматтары шағын жүкпен (қол жүгімен) сағат 06.00-ден бастап 24.00-ге дейінгі аралықта жаяу тәртіппен өткізіледі.
Шетел азаматтарын, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады.
Халықаралық:
Екі жақты: