Венесуэлада су тасқыны басылар емес

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің бірнеше ауданы топан су астында қалды

Фото: ашық дереккөзден

Венесуэлада су тасқыны басылар емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Аймақта екі ай бұрын басталған жауын-шашынның әлі де тоқтайтын түрі жоқ. Осы уақыт аралығында 90-нан астам адамның мерт болғаны белгілі. Тағы жүздеген тұрғынның не өлі, не тірі екені белгісіз.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жуырда тасқын мен лай көшкінінен бір отбасының 3 мүшесі жоғалды. Қазір мамандар қауіпті аймақтардағы тұрғындарға жете алмай әлек. Өйткені көшкін жүріп, жолдарды су шайып кеткен. Болжам бойынша тасқыннан 900 адам зардап шекті.