Тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып шықты
Қызылорда облысында тергеу изоляторына есірткіні айран құйылған ыдыс ішіне салып өткізбек болған азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
«Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. Қамауда отырған азаматқа сәлем-сауқат жібермек болған танысы 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне пакетке оралған 2 дана полиэтилен өткізбек болған», - делінген ақпаратта.
Сот сараптамасының қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297 бабы, 1 бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.