Алматыда көлігімен адамдарды қуып жүріп қаққан ағайынды Әлекеевтерге сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Енді олар алдағы бірнеше жылын темір торда өткізеді

Былтыр 29 тамыздың түнінде ашуға бой берген ағайынды екеу үш адамды көлікпен қуып жүріп, қасақана қаққан еді. Жандостың жасы 24-те болса, інісі Дінмұхамед 20-ға енді ғана толған. Жігіттермен жанжалдасып, жаға жыртысқан қос жігіттің қиысынсыз әректетінен 3 адам ауыр жарақат алған еді.

«Кісі өлтіруге талпынды» және «Бұзақылық» баптарымен сотталып жатқан ағайындыларға прокурор судьядан 15 жыл жаза беруді сұраған еді. Тергеу абақтысында 6 ай отырған күдіктілерге бүгіт сот үкім оқыды.

«Жандос Әлекеев айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Дінмұхамед Әлекеев кінәлі деп танылып, оған 11 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін», - деді Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркін Майшинов. 

Гагарин көшесінде «Toyota Camry» және «Toyota Avensis» автокөліктерімен адамдарды қуып жүріп қаққан қос ағайындының 54 жастағы науқас анасы мен сал аурына шалдыққан әпкесі бар.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы