Семейде мектепте өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Семейде Т.Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектепте өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

Электр сымдарының өртенуіне байланысты №16 мектепте түсте оқу процесін тоқтатуға тура келді.

Өрт сөндірушілер келген кезде 88 мұғалім және 491 оқушы эвакуацияланған. Құтқарушылармен 10 шаршы метр аумақтағы өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.