Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккен 4 кеншінің екеуі ауруханадан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ал қалған 2 кенші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылд

Фото: ашық дереккөзден

Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккен 4 кеншінің екеуі ауруханадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

«Бас сүйек-мидың ашық жарақатын алған екі науқасқа өткен бейсенбіде операция жасалды. Ота сәтті өтіп, денсаулығы жақсарып келеді», - дейді дәрігерлер.

Қалған 2 кенші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Еске сала кетсек,  қарашаның 3 күні түнгі сағат 3-тер шамасында Ленин атындағы шахтадағы жарылыстан 5 адам мерт болды. 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олар метан газына уланған  және дене жарақаттарын алған.