$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2020, 09:47
Оқиғалар

48 жастағы әйелдің зорланғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Арызданған әйел туған інісіне жала жапқан

48 жастағы әйелдің зорланғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының полицейлері зорлады деп жалған ақпарат берген әйелді әшкереледі. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 419-бабы 2-бөлімі бойынша көрінеу жалған ақпарат беру дерегі тіркелген. 48 жастағы әйелдің зорланғаны жайында жазылған арызы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында оның ешқандай зорлық көрмегені анықталған.

«Өткен жылдың тамыз айында арыз беруші мен оның 41 жастағы туған інісі екеуінің арасында болған жанжалдан кейін, әйел кек алу мақсатында інісіне жала жапқан. Оның арызына бойынша ер адамға іздеу жарияланған. Інісі өзіне іздеу жарияланғаны туралы бейхабар, ол үйінен 120 шақырым жерде мал бағатын шопан екен. Тұрып жатқан жерінде еш байланыстың болмауы, аталған азаматты жедел іздестіруде қиындық тудырды. Азамат табылғаннан кейін, өз әпкесінің арызы бойынша іздестірілгеніне таң қалды. Тергеу барысында ол өзінің кінәсіздігін сенімді түрде дәлелдеді», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары