Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Шығыс Қазақстан облысында мұз бетімен келе жатқан екі көлік суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бірінші оқиға Қызыл Ту өткелінде болған.
«14 ақпан күні Isuzu маркалы автокөлік иесі тыйым салынғанын ескермей, мұз айдынына шығып кеткен. Осылайша жеті тонналық көлік мұздың астына түсіп кетті», – деп мәлімеді ТЖД баспасөз қызметі.
Екінші оқиға 15 ақпан күні Күршім ауданында болған.
«УАЗ» маркалы автокөлік мұз ойылып, суға кетті. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар құтқарушыларға хабар берген. Алайда біздің қызметкерлер адам өміріне қауіп төнген жағдайда ғана көмекке келеді», – дейді ТЖД өкілдері.