Алматыда ресейлік блогер жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 3 бап бойынша жауапқа тартылды

Алматы қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының азаматы 21 жастағы Т. есімді азаматтың жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырды. 

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі бойынша жазаланады.